Денис Тен өзіне кімнің пәтер сыйлайтынын әзірге құпия ұстап отыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тенге Алматыдан пәтер сыйға тартылмақ. Спортшы әзірге меценаттың атын құпия ұстап отыр. Бұл туралы спортшының БАҚ-пен байланыс өкілі Ольга Савельева айтты.

«Денис ертең, 1 қараша күні Алматыда баспасөз-конференциясын өткізеді. Сол кезде пәтердің сипатын, кімнің сыйлайтынын жария етпек», - деді О.Савельева.

Белгілісі, жаңа пәтер Central Park Residence тұрғын үй кешенінен беріледі. Журналистермен кездесуде спортшы өзінің Қазақстанға келуі туралы және болашақ жоспарымен бөліседі.

Соңғы жаңалықтар