Денис Тен: Өзіме сыншылмын және харизмаға ие адаммын деп есептемеймін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Денис Тен десек, көз алдымызға Қазақстандағы мәнерлеп сырғанау спорты келетіні шындық. Белгілі спортшының бұл жолы тағы Астанаға келіп, өзінің мұз үстіндегі шоуын өткізетінін көптеген жанкүйерлері асыға күтіп жүр. Осы ретте «SPORTINFORM» САА тілшісі мәнерлеп сырғанаушымен спорт жайлы әңгіме өрбітті. Денис Тен сонымен бірге, спорттан тыс фотографияға әуестігі, сондай-ақ өзінің жеке өмірі туралы айтып берді.

«Бізге мәнерлеп сырғанаудың әлемдік жұлдыздары келеді. Айта кетерлігі, бізде бұл жолы жанды музыка, технологияларға деген жаңа көзқарас, эксклюзивті бағдарлама мен ұлттық мәнерді қамтып отырмыз. Биыл біздің тұжырымдама жаңа пошымға ие болады. Көптеген авторлық мазмұндар, қызықты қайырымдар біздің экспириенсті жарқырата көрсетер деген сенімдеміз» - дейді Денис.

- Авторлық тұжырымдама туралы айтқанда нені меңзеп отырсыз?

- Тұжырымдаманың өзінің атауы бар. Мен осы шоудың әрбір деректемесіне тікелей қатысып, айналып келгенде осы жобамен өмір сүремін. Бұл - өзіңе қымбат дүние, сен оған барынша көңіл бөліп, оның әрбір өзгешелелігін барынша үздік етіп көрсеткің келеді. Тұңғыш рет шоудың театрлық тұжырымдамасы көрсетілетін болады. Бұл туралы көп айта алмаймын, себебі көрермендердің өзі бәрін тамашалайды. Барлық жұмыстардың бағаланатынына үмітім зор. Биыл алғаш рет өзім шығарған музыкамды таныстырамын. Бағдарламалардың бірі - Олимпиада ойындарынан кейін жазған авторлық туындым. Ол жұмыс барысында орындалады. Көрерменге оны қуана-қуана паш етермін.

- Музыкада өткен 5 сынып сіздің қабілетіңіздің барын дәлелдеп берді ме? Әлде, бұл Олимпиададан кейінгі бір сілкініс пе?

- Иә, бала шағымда музыканы оқыдым. Бірақ музыка мектебінде бізге музыка жазуды үйретпейді. Бізге оны ұғынуды, кейбір техникалық тұстарын оқытты. Өкінішке қарай, мен оның бәрін ұмытып қалыппын (күледі). Сондықтан, өзімде шығара алатын идеяларды шынайы іске асыруға болатынын түйсінген кезімде ішкі дауысыма сүйендім. Алғашқы әнімді 2014 жылы Оңтүстік Кореяда жазған едім. Содан бері осы дағдылар өсе-өсе, ауыздықтатпайтын дәрежеге жетті.



- Демек, біз Денис Тенді композитор деп те айта аламыз ба?

- Мен өзімді композитор деп санамаймын. Музыкада өзімді танытуды көздемеймін. Бірақ ән жазуға әрдайым қызығатын едім. Көптеген адамдар маған: «Сіз өзіңіздің орындауыңызға арналған әнде өнер көрсете аласыз ба?» деп сұрайтын. Мен ол қолымнан келмейтінін түсінетін едім. Мен үшін музыка - эмоциялық компонент. Бұл - айтқым келетін шағын әңгіме. Жүрегімізге қымбат әндердің көбі - өзіміздің басымыздан өткен оқиғаларға ұқсайды. Олимпиададан кейін, егер мен бұл оқиғаны нақты айтар болсам, көптеген музыка жазып шығардым. Ол шақта мәнерлеп сырғанаумен айналыспай, жарақаттарымды жазып жатқан едім. Аяқта болған жарақат қайталанып, тіпті үйден шығуға рұқсат болмады. Сондықтан, уақытымды тек музыкаға арнадым. Бос уақытымда жобалаумен айналыстым. Сол кезде идея туып, кейінірек Канададан келген режиссеріміздің тарапынан қолдау тауып, авторлық тұжырымдама жасадық. Бұл шоу мен үшін қаншалықты маңызды болса, соншалықты қорқынышты, бірақ осы шоуда алғаш рет авторлық жұмысымды ұсынамын. Яғни, спектакльдерден бастап, бейне және музыкалық шығармалардың бәрі өзіндік. Мен үшін уайымдары, несиелері, басқа да ойлары бар адамдар шоуға келіп, оның бәрін ұмытып кетуі маңызды. Біз екі жылдық үзіліс жасағандықтан, осы уақыт ішінде көптеген идеялар мен ойларды жинақтап келе жатырмын. Көрермендер осы идеяларды бағалар деген үміттенемін.

- Спорттық мансаптың арқасында сіз әлемнің түкпір-түкпіріне бардыңыз. Бәрінен бұрын қайда барып демалуды қолай көресіз?

- Менде ешқашан демалыс болған емеспін.

- Жақсы, демалысты қоя тұралық. Мысалы, еркін үш күніңіз болса, оны қайда өткізуді жөн көрер едіңіз?

- Үйде. Мен үшін демалыс - белгілі бір идеяларды жобалау. Егер шоу көрсетілмесе, онда музыка жазғым келеді. Егер музыка болмаса, ендеше графикалық дизайнды қолға аламын. Егер графикалық дизайн болмаған күнде онда суретке түсірумен айналысамын. Егер фотосурет болмаса, онда... Мысалы, алғашқы жеке мобильдік қосымшамды жасар едім.

 - Қандай?

- Жеке қосымшаны. Мен ол туралы да көп айта алмаймын. Іске асырғым келетін бір идея бар. Бұны қалайша дайын жобаға айналдыруға болады? Мен үшін ең бастысы, белгілі бір жаңа салаға дендей еніп, зерттеу дер едім. Татьяна Анатольевна Тарасова маған үнемі: «Біз қызметтің өзгеруіне бейімделуіміз керек» дейтін. Дегенмен, ол ондай қабілетімен ерекшелене қоймайтын еді (күледі). «Үйді жинадың ба - демалғаның сол. Қызметтің өзгеруі - міне, сауығу деген сол». Оның бұл ақылына әлі де мойынсұнамын! Бұрынғыдай, ақылы мені алға жетелеп жүр.

- Демек, үйіңізді өзіңіз тазалайсыз ба?

- Әрине. Басқаша болмайды. Сондықтан, курортта демалып жүріп, немен айналысуға болатынына бас қатыратын едім. Уақытты босқа өткізуге болмайды. Жалпы, демалысты жоспарлап отырған жоқпын.

- Фотографияға қызығушылығыңыз қалай оянды?

- Тек қызығушылық қана бар. Маған заттардың эстетикасы ұнайды. Бала кезімде көп нәрсені фотосуретке түсіріп, киноиндустриямен байланысты мамандыққа кетемін деп ойлайтынмын. Содан кейін ол суретті қалай сезінетінімді түсіну үшін суретке түсіруді жалғастыра бердім. Достарым өте танымалдылыққа ие болған және әлемнің TOP-20 тізіміне енген мобильдік қосымшаны жасап шығарды. Олар фотосурет және бейне санатында өз ісінің алдыңғы қатарында. Кейбір нақты стандарттарға сай суретке түсіруді қалай анықтау керектігін үйрену керек болды.

- Айтпақшы, эстетика туралы... Жапондық журналдардың бірінің нұсқасына сай, сіз ең әдемі фигуристердің тізіміне кірдіңіз: 9-орыннан көріндіңіз. Бұны қалай қабылдадыңыз?

- Мен өз-өзіме сыншылмын және өзімді харизмаға иемін деп айта алмаймын. Бағдарламаларымды көру маған өте қиын, жұмысымды бағалау күрделі. Артықшылықтардан гөрі кемшіліктері көзіме ұрып тұрады. Мен үшін эстетика деген - табиғаттың өзіне ғана тән таңғажайып бейнелер: көкжиек сызығы, күннің орналасуы, белгілі бір тәртіпте жазыла жайылған бұлттар... Эстетика деген - сіздің белгілі бір адамға қарай бергіңіз келетіні немесе қызығушылық тудыратын элементті көруден талмайтыныңыз - бірақ көргіңіз келе беретіні. Эстетика - әдемі шрифт, қызықты логотип. Бұл менің әрдайым бойымда болды, бірақ мен оның барын аңғара бермейтінмін. Фотосуреттердің арқасында мен суретке түсіруді ұнататынымды түсіндім.

- Спорт пен оқу - сіздің өміріңіздегі екі негізгі бағыт. Бірақ, бала кезден-ақ оқуды қолай көрмей, спортпен шұғылданып кеткендердің бары шындық. Демек, сізге спорттың да, оқудың да маңызы бірдей ме?

- Өте дұрыс айтасыз. Спорт - өмірдің белгілі бір бөлігі. Бұл өте ұзақ уақытқа созылатындай көрінгенімен, қысқа уақыт кезеңі. Мен қазір 24 жастамын. 20 жылдан бері спорттамын. Мансапты аяқтар күнім де алыс емес. Спорттан қашан кететінімді білмеймін, сондықтан да ол жайлы сұрамаңыз (күледі). Спортшы мен білім үйлесімсіз деген пікір орынсыз. Білімнен бас тартуға болмайды. Сіз спортшы ретінде орныңызды таба алмауыңыз мүмкін, бірақ тұлға ретінде қалыптасу керек.

Соңғы жаңалықтар