USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Денис Тен өліміне күдіктілерді қамау мерзімі тағы 15 тәулікке ұзартылды

2018 жылғы 6 қараша 15:08
Бөлісіңіз:
Денис Тен өліміне күдіктілерді қамау мерзімі тағы 15 тәулікке ұзартылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Денис Теннің өліміне күдікті 3 адамды қамауда ұстау мерзімі тағы 15 тәулікке созылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

«Алматы ауданаралық мамандандырылған тергеу сотының шешімімен күдіктілердің бірі ҚР ҚК 434-бабы, ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлімі, 188-бабының 2-бөлімінің 1-тармағы бойынша айыпталған Ж.Толыбаева қамауда 22 қарашаға дейін отыратын болды. Ал ҚР ҚК 188-бабының 2-бөлімінің 1-тармағы, ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлімімен, 192-бабының 2-бөлімімен қылмыстық жауапкершілікке тартылып отырған Арман Құдайбергенов 19 қарашаға дейін қамауда отырады. ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлімімен, 192-бабының 2-бөлімімен қылмыстық жауапкершілікке тартылып отырған Нұралы Қиясовты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды. Ол 18 қарашаға дейін қамауда болады», - деді қалалық соттың баспасөз хатшысы Диас Махамбетов.

Еске салсақ, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 19 шілде күні пышақ жарақатынан қаза болған еді. Оқиға Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында 19 шілдеде күндізгі сағат 15:00 шамасында болған. Спортшы көлігінің айнасын ұрламақ болған екі адамның үстінен түскен. Арада басталған жанжалдың салдарынан ұрылар Денис Тенге пышақ сұғып алған. Ол оң жақ санының жоғарғы тұсынан жарақат алды. 25 жастағы Тен үш литр қан жоғалтып, ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілді.

Бірақ Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Серікбол Мусинов қосымша қан қажет еместігін және ресурстар жеткілікті екенін мәлім еткен болатын. 2,5 сағатқа жалғасқан реанимациялық шараларға қарамастан, аурухана дәрігерлері оның өміріне араша түсе алмады. Сағат 17.30-да Олимпиада жүлдегері қайтыс болды.

Адам өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды. Кейін белгілі болғандай, спортшының өліміне қатысы бар күдіктілер ұсталып, қылмыстарын мойындаған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT