Денис Тен өліміне қатысты қылмыстық іс қайта тергеуге жіберілмейді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Денис Теннің өліміне қатысты сотқа дейінгі тыңдалым барысында судья Кеңшілік Әбділдинов істі қайта қарауды қанағаттандырусыз қалдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі сот залынан.

Бұған дейін Денис Теннің анасы Оксана Теннің қорғаушысы істі қайта қарауға жіберуді өтінген болатын.

«Сот қатысушылардың пікір-өтініштерін ескере отырып, қаулы етеді. Қорғаушы Өстеміровтың істі прокурорға қайтару туралы өтініші қанағаттандырусыз  қалдырылсын. Сот қазіргі уақытта істі қайта тергеуге негіз жоқ деп тапты. Сіз көрсеткен мән-жайлардың барлығына қатысты алдын ала сотқа дейінгі тергеу барысында тергеушінің процессуалдық шешімі қабылданған. Ол заңды күшін жойған жоқ әлі. Қайта тергеу институты жоқтығынан қайтару үшін ҚР ҚПК 323-бабында көрсетілген негіздерге сай емес екенін айтып отырмын. Негізгі сот барысында сіздер айтқан мән-жайлар анықталса, сот өз құзыры шегінде қаулы  қабылдайтын болады», - деді судья Кеңшілік Әбілдинов.

Жәбірленуші тарап - Денис Теннің анасы Оксана Теннің өкілі Нұрлан Өстеміров істі қайта қарауды сұраған болатын.

«Денистің анасы екеуіміз 39 томдық істі қарай келе қарама-қайшылыққа толы 14 дерек таптық. Ол деректер бұл қылмыстың тапсырыспен болғанын көрсетеді. Сондықтан, ол тұлғаларды да жауапқа тарту үшін аталған істі бөлек өндіріске бөлу мақсатында прокурорға қайта қарауға жіберуді сұраймыз»,- деген еді ол.

Мұның алдында  сотталушылардың жеке тұлғасы туралы мəлімет белгілі болды. Сотталушы Жанар Толыбаева өзінің жүкті екенін мəлімдеген болатын. 

Келесі сот отырысы 3 қаңтар, таңертеңгі 10.00-ға белгіленді.

Еске салсақ, Денис Тенді биыл 19 шілдеде Алматы қаласында белгісіз біреулер пышақтап кеткен еді. Ауыр халде ауруханаға жеткізілген спортшы көз жұмған болатын.

Денис Теннің өліміне қатысты қылмыстық ісқозғалып, күдіктілер іздестірілді. Елбасы Денис Тенге қатысты қылмысты мұқият тексеруді тапсырды. Кейін ҚР ІІМ күдіктілердің ұсталғанын жария етті.

Еске сала кетсек, қыркүйек айының соңында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов аталмыш қылмыстық істің тергелуіне қатысты мәлімет берген болатын.

Бүгін Алматы қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған сотта белгілі спортшының өлімі бойынша алдын ала сот тыңдалымы өтті.
null 

 

Соңғы жаңалықтар