+7 (701) 759 90 19
USD 388.70 EUR 428.70
RUB 6.08 CNY 55.46
Jańalyqtar

Денис Тен өліміне айыптылар сотталды

2019 жылғы 17 қаңтар 17:09
Бөлісіңіз:
Денис Тен өліміне айыптылар сотталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда өтіп жатқан Денис Теннің өлімі бойынша бүгін айыптыларға сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі сот залынан.

Судья Кеңшілік Әбілдинов ҚР ҚК 188-бабының 2-бөлімінің 2 тармағы, ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлімімен, 192-бабының 2-бөлімінің 1,4-тармақтарымен қылмыстық жауапкершілікке тартылған Арман Құдайбергеновті 18 жылға бас бостандығынан айырып, жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеуге үкім етті.
null

Екінші күдікті Нұралы Қиясовты ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлімімен, 192-бабының 2-бөлімімен айыпты деп табылып, 18 жылға бас бостандығынан айыру, жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі жоғары мекемесінде өтеу туралы үкім шығарылды.

Сонымен қатар, ҚР ҚК 434-бабымен айыпталған Жанар Толыбаеваны 4 жылға бас бостандығынан айырып, жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтеу туралы сот үкімі шығарылды. Сонымен қатар, сот Толыбаеваны ҚР ҚК 188-бабының 2-бөлімі бойынша ақтау туралы шешім шығарды.
null

Сот Құдайбергенов пен Қиясовтан процессуалды шығын ретінде 1 860 520 теңге өндіруді, әрқайсысынан үлестік тәртіпте 930 260 теңге өндіруді үкім етті. Сонымен қатар сот Құдайбергеновтен жәбірленуші Жаңқабаевтың пайдасына 410 634 теңге материалдық шығын, Шамшиевтің пайдасына 100 000 материалдық шығын өндірді.

Еске салсақ, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 19 шілде күні пышақ жарақатынан қаза болған еді. Оқиға Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында 19 шілдеде түскі сағат 15:00-дер шамасында болған. Спортшы көлігінің айнасын ұрламақ болған екі адамның үстінен түскен. Арада басталған жанжалдың салдарынан ұрылар Денис Тенге пышақ сұғып алған. Ол оң жақ санының жоғарғы тұсынан жарақат алды. 25 жастағы Тен үш литр қан жоғалтып, ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілді.
null

Бірақ Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Серікбол Мусинов қосымша қан қажет еместігін және ресурстар жеткілікті екендігін мәлім еткен болатын. 2,5 сағатқа жалғасқан реанимациялық шараларға қарамастан, аурухана дәрігерлері Теннің өміріне араша түсе алмады. Сағат 17.30-да Олимпиада жүлдегері қайтыс болды.

Адам өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды. Кейіннен спортшының өліміне қатысы бар күдіктілер ұсталып, қылмыстарын мойындады.
null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT