+7 (701) 759 90 19
USD 425.95 EUR 495.12
RUB 6 CNY 66.6
Jańalyqtar

Денис Тен өлімін тергеу аяқталуға жақын - Қалмұханбет Қасымов

2018 жылғы 25 қыркүйек 14:07
Бөлісіңіз:
Денис Тен өлімін тергеу аяқталуға жақын - Қалмұханбет Қасымов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Олимпиада ойындарының жүлдегері, мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты қылмыстық істі тергеу жұмыстары аяқталуға жақын. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейінгі брифингте ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта қылмыстық істі тергеуді аяқтау бойынша шаралар қабылданып жатыр. Іс жүзінде барлық сараптама қорытындылары шыққан. Бүгінде таныстыру процедурасы мен қылмыстық істі аяқтау шаралары жүргізілуде», - деді министр БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Сонымен қатар, Қалмұханбет Қасымов тергеу аяқталғаннан кейін іс сотқа жіберілетінін атап өтті.

Еске салсақ, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 19 шілде күні пышақ жарақатынан қаза болған еді. Оқиға 19 шілде күні Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында түскі сағат 15:00 шамасында болған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT