Денис Тен өлімі: Сотталған әйел түрмеде босанды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық соты Денис Тен ісі бойынша апелляциялық шағымды қарап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі сот залынан.

Отырыс барысында адвокат Амангелді Сариевтің айтуынша, сотталған Жанар Толыбаева 6 наурызда екінші баласын босанған. Ал сәбидің денсаулығында кінәрат бар.

Апелляциялық отырыста жәбірленуші тарап екі өтініш айтты.

Денис Теннің анасы сотталушылардың жазасын қатайтуды, атап айтқанда, алдын ала сөз байласу арқылы жалданып адам өлтіру бабын қолдануды сұрады. Осы мақсатта бірінші өтініш ретінде істі прокуратураға қайта жіберіп, қайта тергеуге өтініш жасалған.

Сонымен қатар, жәбірленуші тарап екінші өтініш ретінде сотқа алдыңғы отырыста жауап алынбаған куәларды шақыруды сұрады.

Айта кетсек, белгілі спортшы, Олимпиада жүлдегері Денис Тенді өлтірген Арман Құдайбергенов, Нұралы Қиясов және Жанар Толыбаевалар 17 қаңтарда сотталған болатын. Судья екі сотталушыны 18 жылға бас бостандығынан айыру, жүкті әйел Толыбаеваны 4 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Соңғы жаңалықтар