Денис Тен Монако ханшайымымен суретке түсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тен Монаконың жас ханшайымы Александра Ганноверскаямен «селфи» үлгісінде суретке түсті. Спортшы ақсүйек әулеттің өкілімен түскен фотосуретін Инстаграмдағы жеке парақшасында жариялады.

«Монако ханшайымы - Александра Ганноверскаямен! Бұл бірінші кездесуіміз емес, бірақ бірінші селфиіміз!», - деп жазған спортшы.

Жас ханшайым Александра Ганноверская да мәнерлеп сырғанаумен айналысады, оның футболға қызығатыны да белгілі. Оның анасы - Монако ханшайымы Каролина Луиза Маргарита (Caroline Louise Marguerite) Ренье ІІІ және ханшайым Грейстің үлкен қызы.

Соңғы жаңалықтар