Денис Тен мемориалында Морис Квителашвили топ жарды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматыда мәнерлеп сырғанаудан өтіп жатқан Денис Тен мемориалында ерлер арасындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Халықаралық турнирде грузиялық Морис Квителашвили жеңіс тұғырына көтерілді. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 244,98 ұпай алды.

Екінші орында ресейлік Макар Игнатов (214,99), үшінші сатыда эстониялық Даниэль-Альберт Науритс (210.68).

Қазақстандық Никита Манько 171.49 ұпаймен сегізінші орын иеленді.

Соңғы жаңалықтар