Денис Тен Қытайдағы турнирде қола жүлде алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Қытайдың Шанхай қаласында өткен Shanghai Trophy турнирінде еркін бағдарламада үшінші орын алды, деп хабарлайды Sports.kz .

Спортшының нәтижесі - 157.01 ұпай. «Алтынды» ресейлік Александр Самарин (175.65) иеленді, күміс жүлде грузин Морис Квителашвилиге (157.78) бұйырды.
Еске сала кетсек, мəнерлеп сырғанаудан Қазақстан жұлдызы, Олимпиаданың қола жүлдегері Денис Тен Оңтүстік Кореяда 10 тамызда өткен жарыста тобығын жарақаттап алған болатын. Қазір ол Корея мен Қазақстан дəрігерлерінің емін қабылдап жатыр. Спортшы жарақатынан кейін мұзға қайта оралып Франция мен Ресейде өнер көрсетіп үлгерді.

Соңғы жаңалықтар