Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.34 EUR 427.25
RUB 5.88 CNY 54.57
Jańalyqtar

Денис Тен ісі бойынша апелляциялық сот қашан өтетіні белгілі болды

2019 жылғы 1 наурыз 15:49 1078
Бөлісіңіз:
Денис Тен ісі бойынша апелляциялық сот қашан өтетіні белгілі болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -  Алматы қалалық соты Денис Тен ісі бойынша  апелляциялық шағымды қарау уақытын белгіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алматы қалалық сотының апелляциялық коллегиясы А.Құдайбергенов, Н.Қиясов, Ж.Толыбаеваға қатысты апелляциялық шағымдарды 13 наурызда 15:00-де қарайтын болды», - деп мәлім етті баспасөз қызметінен.

Айта кетсек, белгілі спортшы, Олимпиада жүлдегері Денис Тенді өлтірген Арман Құдайбергенов, Нұралы Қиясов және Жанар Толыбаевалар 17 қаңтарда сотталған болатын. Судья екі сотталушыны 18 жылға бас бостандығынан айыру туралы, жүкті әйел Толыбаеваны  4 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.  

Алматы қалалық  сотының апелляциялық алқасына қос тараптан да апелляциялық шағым түскенін хабарлаған болатынбыз.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Сот, Денис Тен,
Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT