+7 (701) 759 90 19
USD 430.99 EUR 515.29
RUB 5.69 CNY 65.99
Jańalyqtar

Дені сау адам фидия садақасымен оразадан құтыла алмайды – Бас мүфти

2021 жылғы 8 сәуір 17:50
Бөлісіңіз:
Дені сау адам фидия садақасымен оразадан құтыла алмайды – Бас мүфти

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дені сау адам фидия садақасын беріп, оразанның парызынан құтыла алмайды. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мәулен Әшімбаев: Рамазан – сабырлықтың, мейірімнің және ізгіліктің айы Нығматулин: Рамазан айы - әрбір адамға рухани бірлік пен күш-қуат береді Рамазан айы адамдарды жанашырлық пен мейірімділікке үндейді – Асқар Мамин

«Жалпы, дінде фидия садақа деген бар. Бұл ретте мынаған жақсылап назар аударуларыңызды сұраймын. Кейде түсінбей, ораза ұстамаған адам қаражат берсе бола ма деп жатады. Олай емес, негізі ораза - денсаулығы дұрыс, балиғат жасқа толған әрбір адамға міндеттелген құлшылық. Кім балиғат жасына толса, денсаулығы жараса, өзі оразасын ұстауы керек. Фидия садақасы бір жағдайда ғана беріледі. Яғни, ораза ұстауға денсаулығыңыз жарамай қалса немесе жасыңыз ұлғайып, әлсіреген кезде болсаңыз, фидия садақасын бересіз. Онда да жағдайыңыз келсе ғана. Демек дені сау адам фидия садақасын беріп, оразада құтылдым деуіне болмайды», - деді Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT