Денесінен 10 келі ісікті алдыртқан Ақмола тұрғыны сауығып келеді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетау дәрігерлері науқас әйелдің аяғындағы 10 келі ісікті алып тастады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облыстық ауруханасының науқасы Любовь Бодриковаға күрделі ота жасалғанына жарты жыл өтті. Қазіргі кезде, ол бейімделу курсынан өтуде. Дәрігерлер науқастың асқынған гранулематоз аурынан сауығып келе жатқанын айтуда.

Еске сала кетейік, Любовь Васильевна Бодрикова сырқатымен 5 жыл күресіп, нәтиже шықпағаннан соң онколог дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Дәрігерлер бірден он аяғында пайда болған салмағы 10 келі ісікті кесіп алып тастау үшін ота жасауды шешеді. 2016 жылдың 27 маусымында Зеренді ауданының тұрғынына Ақмола облыстық ауруханасында ота жасалады. Ота 4 сағатқа созылды.

Қазіргі кезде Любовь Васильевна өзін жақсы сезінеді. Өміріне ара түскен дәрігерлерге шексіз алғысын білдіруде.

«Менің қуанышымды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Маған қол ұшын созған облыстық онкология диспансерінің дәрігерлеріне шынайы алғысымды білдіремін. Сіздер маған сау өмір сыйладыңыздар. Қазір өзімді бақытты сезінемін. Еркін жүріп үй шаруасымен айналысып, балаларым мен немерелеріме көмектесудемін», - дейді Любовь Бодрикова.

Соңғы жаңалықтар