Денесін күйік шалған 7 жастағы Николай Кессен келесі отаға дайындалып жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда денесін күйік шалған 7 жастағы Николай Кессен күрделі отадан соң оңалту шараларынан өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Балаға 3 ай бұрын Ханган СонСим емханасында Оңтүстік Кореялық хирургтар мойны мен бетіне өз терісімен қоса жасанды тері жапсырған болатын.

Баланың емделуіне қайырымды халық 70 мың АҚШ долларын жинап берген еді.

Мамандар қазір жасанды тері баланың ағзасына жаққанын айтты.

«Николай осымен 3 рет отадан өтті. Баланың иығы мен қолына, қол басына Астанада екі ота жасалды. Наурызда Сеулдегі медициналық орталықта баланың мойны мен иегіне ота жасалды. Үш ота да сәтті өтті деуге болады. Келесі ота баланың кеудесіне жасалады. Ол да күзде Сеулде өтеді. Коля қазір соған дайындалып жатыр. Оталардың арқасында бала қолын көтере бастады. Қолымен заттарды ұстайтын дәрежеге жетті. Оның тағдыры көпшілікке мәлім болған соң Қазақстанның түкпір-түкпірінен хабарласып, адамдар көмек қолын созып жатты. Балақай өзін жұлдызбын деп қояды», - деді «Ковчег» балалар үйінің директоры Марина Сугакова.

7 жастағы балақай қазір «Ковчег» балалар үйінде тұрып жатыр.

Оның ауыр тағдыры жайлы осыдан бірнеше ай бұрын Аружан Саин дабыл қаққан болатын. Қоғам қайраткері денесінің 50 пайызын күйік шалған 7 жастағы баланың жағдайын айтып, көпшіліктен көмек сұраған еді. 3 жыл бұрын үй ішіндегі пеш жарылып, 4 жастан асқан бала шоққа күйіп қалған еді.
null

Кейінірек бұл істі Алматы облысының әкімдігі жіті бақылауына алды. Белгілі болғандай, баланың анасы ішімдікке салынып кеткен.

Баламен қазір логопед, психолог мамандар жұмыс жасап жатыр.

Тәрбиешілер қатарынан қалдырмау үшін баланы келер жылдан бастап жалпы білім беретін мектепке бермек.

Соңғы жаңалықтар