Денесін бөлшектеп тастаған: Полиция Аяжан Еділованың өліміне қатысты түсінік берді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- 19 жастағы алматылық Аяжан Еділованы өлтірген күдікті өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Бүгін Алматы қалалық Полиция департаментінің арнайы брифингінде оқиғаның мән-жайы айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің сөзінше, күдікті жасырынған пәтерден қайтыс болған студент қыздың денесінің бөлшектері табылған.

«Күдіктіні ұстау кезінде ол өз-өзіне қол жұмсамақ болып денесін жарақаттаған. Бірақ оның бұл әрекеті іске аспады. Оқиға орнына дәрігерлер шақыртылып, ұсталған адам №7-ші ауруханаға жеткізілді. Оны тәулік бойы күзетеді. Айыққаннан кейін күдікті тергеу изоляторына ауыстырылады. Күдіктінің айтуынша, Аяжан екеуінің арасында жанжал туып, сосын ол оны өлтіріп, қылмыстың іздерін жасыруға тырысқан. Осы мақсатты күдікті қыздың денесін бөлшектеген. Дене бөлшектерін қаланың әр жеріне лақтырып үлгерген. Сот оған қатысты қамауға алу түріндегі шараны қабылдады. Тергеу жүріп жатыр»,- деді Салтанат Әзірбек.

Бұған дейін, Алматыда із-түзсіз жоғалған 19 жастағы бойжеткеннің денесі табылғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Алматы қалалық Полиция департаменті таратқан мәліметке сәйкес, 20 наурыз күні қыздың әпкесі полицияға жүгініп, сіңлісінің жоғалып кеткенін хабарлаған. Бойжеткенді іздеу үшін арнайы жедел тергеу тобы құрылды.

Іздеу жұмысы кезінде қыздың сол күні әлеуметтік желіде танысқан жігітпен кездесуді жоспарлағаны анықталды. Кейін белгілі болғандай, бойжеткен сол бейтаныс жігіттің қылмыстық әрекетінен қаза тапқан.

Күдікті - 1993 жылы туған Түркістан облысының тұрғыны.


Соңғы жаңалықтар