Дене шынықтыру және спорт мәселелеріне қатысты Сенат пен Мәжіліс арасындағы келіспеушіліктер еңсерілді

None
None
АСТАНА. Маусымның 22-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша Сенат пен Мәжіліс арасындағы келіспеушіліктерді еңсеру жөніндегі келісу комиссиясының ұсыныстары қабылданды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Енді заң жобасы Мемлекет басшысына қол қоюға жіберіледі. Заң жобасының мақсаты бұқаралық спорт түрлерін дамытып, спорт  резервін дайындау және спортшылар тәрбиелеуге қажетті құқықтық база қалыптастыру болып табылады. Отырыс барысында депутаттар құжатқа туризм және спорт саласындағы субъектілердің атын атап, түсін түстеп көрсететін және мемлекеттік органдардың құзырына қатысты бірқатар түзетулер енгізу қажет деген ұсыныстарын білдірді. 

Соңғы жаңалықтар