Дене шынықтыру пәнінің 1,6 мың мұғалімі біліктілікті арттыру курсынан өтеді – министрлік

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда дене шынықтыру пәнінен сабақ беретін 1 630 мұғалім біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Курстарды Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығы ұйымдастырып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған министрліктің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, тегін курстар 3 қазанда басталып, 2022 жылғы 9 желтоқсанға дейін жалғасады. Сабақтардың бірінші легі Астана қаласында, Қарағанды, Павлодар, Жетісу, Солтүстік Қазақстан облыстарында басталып кетті. Оларға 370 дене шынықтыру мұғалімі қатысып жатыр.

«Дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің жұмыс сапасы мен кәсіби деңгейін арттыру мақсатында біз екінші жыл қатарынан арнайы әзірленген курстарды өткізіп жатырмыз. Былтыр бұл курстан 950 мұғалім өтті. Бүгінде еліміздің 5 өңірінде курстар басталды... Мұғалімдердің сұранысы негізінде оқыту екі тілде ұйымдастырылады. Ұстаздарымыздың кәсіби деңгейін арттыру – басты міндеттердің бірі», – деді Ұлттық дене шынықтыру ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Сағдат Садықов.

Курстарды аяқтаған мұғалімдер тест тапсырып, мемлекеттік үлгідегі сертификаттар алады.


Фото: shutterstock.com




Соңғы жаңалықтар