Дене салмағының индексін бірқалыпты ұстау семіздік пен диабеттің алдын алады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Денсаулық сақтау министрлігі дене салмағының индексі және оны есептеу әдістерін түсіндірді, деп хабарлайы ҚазАқпарат.

ДДҰ статистикалық деректеріне сәйкес, жыл сайын артық салмақ проблемаларынан әлемде 2,8 миллион адам қайтыс болады және 35,8 миллион адам мүгедек болады.

Қазіргі медицинада семіздік - ең өткір тақырыптардың бірі. Мұның себебі - көптеген ауруларды туғызады.

Дене салмағының индексі дегеніміз не?

Дене салмағының индексі (ДСИ) — адам салмағының оның бойына сәйкестігін есептеуге мүмкіндік беретін шама.

Бұл есептеу артық салмақтың болуын немесе керісінше оның жетіспеушілігін анықтауға мүмкіндік береді.

Осы деректерге сүйене отырып, адамның арықтауы немесе толығуы қажет екенін түсінуге болады.

ДСИ есептеу арнайы формуланың арқасында жүзеге асады.

Ол 1832 жылы енгізілген, бірақ физиолог және семіздік жөніндегі маман Ансель Кейстің зерттеулері арқылы 140 жылдан кейін ғана нақты танылды.

Ғалым әртүрлі елдерден келген 7400 адамды талдап, артық салмақты бағалаудың бірнеше формуласын салыстырды.

Қарапайымдылығына қарамастан, бұл семіздіктің алдын және семіздікті дәл болжайтын ДСИ екені белгілі болды.

ДСИ - аурудың профилактикасы.

ДСИ-ды қалыпта ұстау мынадай аурулардың алдын алады:

• 2 типті қант диабеті;

• қан тамырларының атеросклерозы;

• жүректің ишемиялық ауруы;

• остеопороз;

• онкологиялық аурулар;

• гормоналдық бұзылулар;

• психикалық бұзылулар;

• бала көтере алмау, бедеулік проблемалары.

Дене салмағының индексі - адамның бойы мен салмағының сәйкестік дәрежесін бағалау және дене салмағын бағалау үшін қолданылатын шама (дене салмағы қалыпты, жеткіліксіз, артық) болуы мүмкін.

Дене салмағының индексі мына формула бойынша есептеледі: салмағы (кг)/бойы (м2).

ДДҰ ұсыныстарына сәйкес ДСИ көрсеткіштерін түсіндіру келесідей:

• 16 және одан аз — айқын салмақ тапшылығы;

• 16-17,9 — дене салмағының болмауы;

• 18-24,9 — норма;

• 25-29,9 — шамадан тыс дене салмағы (семіздік);

• 30-34,9 - I дәрежелі семіздік;

• 35-39,9 — II дәрежелі семіздік;

• 40 және одан жоғары — III дәрежелі семіздік

ДДҰ мәліметінше, қалыпты немесе сау ДСИ көрсеткіші 18-24,9 аралығында өзгереді. Дәл осы жағдайда аурудың даму қаупі аз болады.

Фото: blogs.udima.es
Соңғы жаңалықтар