+7 (701) 759 90 19
USD 420.79 EUR 511.98
RUB 5.67 CNY 64.46
Jańalyqtar

Дене бітімі мүлдем ұқсамайды: Қонаевтың жиені ескерткішке қатысты пікір білдірді

2020 жылғы 21 қазан 23:30
Бөлісіңіз:
Дене бітімі мүлдем ұқсамайды: Қонаевтың жиені ескерткішке қатысты пікір білдірді

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Мемлекет қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың ескерткішіне жиені Жанар Мұқажанова өз ойын білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

«Бұл қайдан келген мүсінші деп қалдық. Ең болмағанда туыстарынан рұқсат сұрамай ма? Ақылдаспай ма? Менің ойымша мүлдем алып тастап, басқаша қою керек», - дейді Д. Қонаевтың жиені Жанар Мұқажанова.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысының Бақанас ауылында мемлекет қайраткері Дінмұхамед Қонаевқа ескерткіш қойылды. Алайда бұл мүсін көпшіліктің наразылығын туғызды. Халықтың айтуынша, ескерткіштің пішіні мен көлемі сай емес.

«Бұл - қазақ елінің қалыптасуына қомақты үлес қосқан саясаткерді келеке ету» дейді туыстары. Заңғар тұлғаның туған өңірінде тас мүсіннің тұғырға қойылған сәті әлеуметтік желіде де қызу талқыланып жатыр.

Салмағы 14 тонна тас мүсінді тұғырына қондырып халықтың сүйіншілей бастағаны сол-ақ еді, ескерткіш елдің қатаң сынына ұшырады.

Бірден айту керек. Ескерткішке бюджеттен қаржы бөлінген жоқ. Ауызбірлік танытқан халықтың ықыласы. Алайда қоғамдық қор жергілікті билікпен келіспей тұғырға қондырған.

«Әлеуметтік желіге шыққан ескерткіш суреттері мен бізге ұсынылған эскиз жобадағы суреттердің айырмашылығы анықталып, арнайы жұмысшы топ құрылып, Балқаш ауданы Бақанас ауылына іссапарға жіберілді», - дейді Алматы облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Әлия Жақыпбекова.

Сынға ұшыраған ескерткіш салтанатты түрде ашылып үлгерген жоқ. Тұғырынан алынатын болды.

Жалпы заң бойынша мәдениет және спорт министрлігінің арнайы келісімі шықпай, өз еркімен ескерткіш қоюға рұқсат жоқ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT