Демонополизациялау жөніндегі комиссия өңірлік ірі электр станциясының жұмысын қарады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Үкіметте Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Бұл туралы ҚазАқпарт Үкіметтің сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Отырысқа қатысушылар теміржол жүк тасымалы нарығындағы жағдайды, жеке компаниялардың магистральдық теміржол желілеріне қол жеткізу мәселелерін, сондай-ақ өңірлік ірі электр станциясының жұмысын қарастырды.

Сонымен қатар Премьер-Министр уәкілетті мемлекеттік органдарға қатты пайдалы қазбаларды геологиялық барлауға бірқатар лицензия берудің заңдылығын тексеруді жалғастыруды тапсырды.

Фото: primeminister.kz


Соңғы жаңалықтар