Демократиялық партияның жетекшісі Наото Кан Жапонияның жаңа премьері болып сайланды

None
None
АСТАНА. Маусымның 4-і.ҚазАқпарат - Демократиялық партияның жетекшісі Наото Кан бүгін, жұма күні Жапонияның 94-ші премьер-министрі болып сайланды. Саясаткер 480 дауыстың 313 дауысын алып, басым көпшіліктің қолдауына ие болды, деп хабарлайды «РИА «Новости» агенттігі.

Наото Кан мырза сайлауалды сөзінде, өз саясатының Юкио Хатояма жүргізген бағытпен сабақтас болатынын мәлім етті.

Халықтың үкіметке деген сенімінің құлдырағаны үшін жауапкершілікті өз мойнына алған Юкио Хатояма сәрсенбі күні отставкаға кету ниеті туралы мәлім еткеннен кейін, Жапонияда жаңа премьер сайлау қажеттілігі туындаған болатын.

Соңғы жаңалықтар