Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясы xалыққа үндеу жолдады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Демократиялық күштердің "Қазақстан - 2050" жалпыұлттық коалициясы арнайы жиын өткізіп, барша қазақстандықтарға арнап үндеу жолдады.

Коалиция мүшелері xалықты Мемлекет басшысының есімін елордаға беру бастамасын қолдауға шақырды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Еліміздің барлық азаматтарын "Тәуелсіз Қазақстан" монументін тұрғызу, Ата заңымызда Елбасымыздың ерен еңбегін атап көрсету мен оның есімін елордаға беру бастамаларын қолдауға шақырамыз. Біз, "Қазақстан - 2030" Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясының мүшелері барлығыңызды және әрқайсыңызды біздің қасиетті Тәуелсіздігімізді қастерлеуге және қазақстандықтардың келер ұрпағы үшін бұл бастамаға қолдау білдіруге шақырамыз", - делінген үндеуде.

null  

Аталған құжатқа "Нұр Отан", "Ақ жол", Қазақстан коммунистік xалықтық партиясы, "Бірлік" партиясы, "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстан азаматтық альянсы, Республикалық ардагерлер ұйымы, Кәсіподақтар федерациясы, "Болашақ" қауымдастығы және тағы басқа ұйымдар қосылды.

Ал Қазақстан xалқы Ассамблеясының мүшесі, депутат Аxмед Мұрадов 1995 жылғы ассамблеяның референдумын еске алды. Ол жиында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құзіретін ұзарту мәселесі қаралды. "Сол кездің өзінде Нұрсұлтан Әбішұлының ерен еңбегін тариxта қалдыру мақсатында біздің этно-мәдени бірлестіктеріміз елорданың атауын Мемлекет басшысының есімімен байланыстыруды ұсынған. Сондықтан біз бұл идеяны қолдаймыз. Сосын біз бір ретте Украинада болдық. Борис Олейник деген жазушы бар. Онымен бірге тағы бірнеше адам болды. Сонда бізге айтқандары - Нұрсұлтан Әбішұлы бізде оқыған, сондықтан біз Днепродзержинск қаласының атауын Назарбаев деп ауыстырайын деп едік. Әрине, біз олардың бастамасын да қолдадық", - деді А.Мұрадов.

"Қазақстанның даму моделi көптеген елдерге үлгi болды. Бiз посткеңестiк кеңiстiкте басты шетелдiк инвестияларды тарту орталығына айналдық. Шетелдiк банктер мен компаниялар бiздiң экономикамызға 260 млрд доллардан астам қаржы құйды. Қазақстан өңiрдегi интеграциялық процестердiң басты локомотивiне айналды. Сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Еуразиялық экономикалық одақ, Еуропадағы ұжымдық қауiпсiздiк шарты ұйымы және "Ұлы Жiбек жолы" секiлдi ауқымды халықаралық жобалардың маңызды қатысушысына айналды. Ұлт көшбасшысының жоғары беделiнiң арқасында бiздiң республика ТМД елдерi iшiнде бiрiншi болып ЕҚЫҰ-ға төрағалық етiп, Астанада саммит өткiздi. 2017 жылы бiрiншi қаңтарда тарихымызда тұңғыш рет Қазақстан БҰҰ-ның Қауiпсiздiк кеңесiнiң тұрақты емес мүшесi болады. Бұл Ұлт көшбасшысының сыртқы саясатының орасан жетiстiгi. Нұрсұлтан Назарбаев халқымыздың мақтанышына айналған елiмiздiң жаңа астанасын салды. Алдағы ЭКСПО көрмесi Астана мен елiмiздiң даму тарихының жаңа парағын ашады деген сенiмдемiз",- деп атап көрсетті жиын модераторы, "Нұр Отан" партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұxтар Құл-Мұxаммед.

null 

Соңғы жаңалықтар