"Демократия институтының" сауалнамасы бойынша ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында респонденттердің 95, 1 пайызы дауыстарын Н. Назарбаевқа берді

None
None
АСТАНА. 4 сәуір. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - «Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығы жүргізген сауалнаманың қорытындысы бойынша, 3 сәуір күні елімізде өткен ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында респонденттердің 95, 1 пайызы дауыстарын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа берді.

Бұл туралы бүгін елордада бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне «Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығының жобалар жөніндегі директоры Юлия Кучинская мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, сауалнама сайлау учаскелерінің алдында еріктілердің қатысуымен жүргізілді.

«Сауалнамаға қатысқандардың басым бөлігі, яғни 95,1 пайызы өз дауыстарын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа, 2,1 пайызы Ғани Қасымовқа, 1,5 пайызы Мелс Елеусізовке, ал 1,3 пайызы Жамбыл Ахметбековке бергендерін айтты», - деді Ю.Кучинская.

Сондай-ақ ол аталған зерттеуге Қазақстанның 14 облысынан және Астана мен Алматы қалаларынан дауыс беруші 50 мың азамат қатысқанын айтып өтті.

Аталған зерттеу шарасының қорытындысы бойынша дауыс берушілердің сайлау учаскелеріне келу көрсеткіші 90,5 пайызға жетті. Жалпы, бұл сауалнама ел аумағындағы 333 сайлау учаскесіне жүргізілді. Оның 193-і қала аумағында, ал 140-ы ауылдағы сайлау учаскелері.

Директордың айтуынша, сауалнама барысындағы қателесу деңгейі шашамен +_0,44 пайызды құрайды.

Айта кетейік, ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы барысында осындай кең ауқымды зерттеу жүргізу аталған институттың бастамасы болып табылады. Және осы шараға жұмсалған қаражат институт есебінен жүзеге асырылды.

Соңғы жаңалықтар