+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Демографиялық даму саясатының тұжырымдамасын әзірлеу қажет - Ләззат Сүлеймен

2020 жылғы 17 қыркүйек 11:51
Бөлісіңіз:
Демографиялық даму саясатының тұжырымдамасын әзірлеу қажет - Ләззат Сүлеймен

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында депутат Ләззат Сүлеймен Стратегиялық жоспарлау және реформалау агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетовке депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Әрбір қазақстандық қоршаған ортаға деген жауапкершілігін сезінуі тиіс - Мәулен Әшімбаев Мәжіліс депутаттары: экологиялық мәдениет – елдің тұрақты дамуының алғышарты Сенаторлар «World clean up day» экологиялық қозғалысына қолдау білдірді

Онда сенатор ұлттық деңгейде де, өңірлік деңгейде де адами капиталдың саны мен сапасын бағалаудың заманауи мемлекеттік басқарудағы орны ерекше екеніне тоқтала келіп, демографиялық факторлар мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік дамуының негізгі құрамдас бөлігі екенін атап өтті.

«Соңғы онжылдықта Қазақстан халқының саны 2 миллион 400 мың адамға немесе 15,1 пайызға өсті, негізінен оның табиғи өсімімен қамтамасыз етілді», - деді сенатор Л.Сүлеймен өзінің сауалында.

Оның пайымынша, демографиялық өзгерістердің теріс салдарын еңсеруді алдын ала стратегиялық жоспарлау және бұл мақсатқа қол жеткізіп демографиялық дивиденд алу үшін, мемлекет адам капиталына инвестициялардың деңгейі мен қайтарымын арттыруға бағытталған саясат жүргізуі тиіс. Ол үшін жастардың еңбек нарығына тартылуын ұлғайту, жастардың денсаулық, еңбек және репродуктивті құқықтары, әлеуметтік қолдау кепілдіктерін қамтамасыз етуге бағытталған, бала тууды қолдау саясаты нақты әрі нәтижелі болуы тиіс.

Сенатор бұл қадамдар халықтың саны мен бөлінуін, оның ағымдағы және болжамды жас құрылымы мен өсу қарқынын түсіну қажет екеніне тоқталды. Сондықтан ішкі көші-қон ағындарын реттеу жөніндегі міндет, демографиялық даму, халықтың динамикасын болжау және оның орнықты дамуымен, репродуктивті денсаулығымен әрі құқықтарымен, гендерлік теңдікті күшейтумен, отбасы мен халықтың әлсіз топтарын қолдаумен байланысты мәселелерді бірыңғай мемлекеттік демографиялық саясат етіп жүйелеу қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар еліміздің демографиялық дамуы (демографиялық қауіпсіздік) саясатының 2020-2030 жылдарға арналған бағдарламасын/тұжырымдамасын әзірлеу қажет екенін айтты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT