Демалыста жүрген өскемендік құтқарушы өзенге батып бара жатқан адамды алып шықты

None
Фото: ШҚО ТЖД
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Демалыста жүрген өскемендік құтқарушы өзенге батып бара жатқан адамды алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жедел-құтқару жасағының қызметкері Евгений Карпунов қызметтен бос уақытта Мирный кентінің маңындағы Ертіс өзенінде жағадан алыста малтып жүрген адамды көрген.

«Евгений оған судан шығыңыз деп айқайлап, бұл жердің өте қауіпті екенін жеткізген. Алайда ер адам әлі жоқтығын, қатты тоңғанын айтады. Құтқарушы «112» нөмірі бойынша әріптестеріне хабар берген соң бірден суға секірген. Жігітке малтып жетіп, қайықпен келген ШҚО ТЖД қызметкерлерімен бірге оны жағаға жеткізді. Алғашқы көмек көрсетіп, қатты тоңған адамды жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды», - делінген ақпаратта.


Белгілі болғандай, 28 жастағы жігіт қалыңдығымен ренжісіп қалған соң суға келген.

«Евгений Карпунов – 11 жылдан астам уақыт азаматтардың қауіпсіздігі үшін қызмет етіп келе жатқан тәжірибелі құтқарушы. Ол әрдайым көмекке келуге дайын. Өйткені құтқарушылар қызметте немесе демалыста болса да өз міндеттеріне адал болуы тиіс», - делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар