Демалыс күндеріндегі карантин науқастар санын азайтуға ықпал етті –Көлгінов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада демалыс күндеріне енгізілген екі карантин жедел жәрдемге хабарласушылар санын азайтты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«22-28 маусым күндері Нұр-Сұлтан қаласының жедел жәрдем стансасына өте көп адам хабарласты. Бұрындары тәулігіне 2-2,5 мың қоңырау қабылданса, бұл күндері 4 300-ден астам адам хабарласқан. Демалыс күндеріне енгізілген екі карантиннен соң бұл сандар айтарлықтай төмендеді. Қазір де үшінші тәулік карантин режимінде жұмыс істеп жатырмыз, жедел жәрдем стансасына хабарласушылар саны азайып, қайтадан 2 090 қоңырауға дейін түсті. Біз азаматтардың жағдайды саналы түрде түсінгенін көріп отырмыз. Бұл өзіңіз бен жақындарыңыздың денсаулығын сақтауға, дәрігерлердің жүктемесін азайтуға септігін тигізеді», - деді қала әкімі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде .

Әкімнің айтуынша, жедел жәрдем стансаларында 110 бригада болса, қазір олардың саны 150-ге жеткен.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 61 адам қайтыс болды.

Сонымен бірге, елорда ауруханаларына 200 өкпе желдету аппаратына тапсырыс берілді.



Соңғы жаңалықтар