Демалыс күндері жауын-шашын жауып, тұман мен көктайғақ болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктер алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдағы күндері солтүстік, орталық және шығыс облыстарда Қазақстан территориясы арқылы жылжитын суық атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын жауып, тұман және көктайғақ болады.

Фронттардың орнына антициклон келіп, республиканың оңтүстік, содан кейін орталық, шығыс және солтүстік облыстарында жауын-шашын тоқтайды, алайда тұман мен көктайғақ сақталады.

Биіктегі ауа массаларының ағымы батыс бағытынан болғандықтан, ауа температурасы біраз төмендейді. Соған қарамастан күн райы орташа көпжылдық мәннен жоғары күйінде қалады.

Соңғы жаңалықтар