Демалыс күндері жалпы 2 934 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңажылдық мейрам кезеңінде елордалық ІІД қызметкерлері күшейтілген тәртіпте жұмыс істеді.

Ішкі істер департаменті мәліметіне қарағанда, қабылданған алдын алу шараларының нәтижесінде қаладағы ахуал тұрақты болды.

«Астанада тәулік бойғы тәртіпте ІІД-нің Жедел басқару орталығының 700-ге тарта бейне бақылау камералары жұмыс істеуде. Олардың көмегімен 400-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық пен 200-ден астам жол қозғалысы ережесін бұзу фактілері анықталды»,-делінген ІІД-нің «ҚазАқпарат» сауалына жіберген жауабында.

Жаңажылдық демалыс күндері жалпы 2 934 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның көбісі бұзақылық, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерге масайған күйінде жүру, адамдардың мазасын алу секілді фактілер.

Мұнымен қоса, мейрам күндері жол-патрульдік полиция қызметкерлері елордада 900-ге тарта әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті. Көлікті мас күйінде басқарған 44 жүргізуші ұсталды. Әкімшілік жауапкершілікке ұялы телефонды пайдаланған 52 жүргізуші, жылдамдықты шамадан тыс асырған - 49, қауіпсіздік белдігін тақпаған - 63 жүргізуші тартылды, сондай-ақ жол жүру ережесін бұзған 100-ден астам жаяу жүргінші жазаланды.

Соңғы жаңалықтар