Демалыс күндері той өткізген петропавлдықтар айыппұл төлейді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында демалыс күндері екі мейрамханада той өткізілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, демалыс күндері Петропавлдағы «Эмират» және «Созвездие» мейрамханаларында той өткен. Онда 100-ден астам адам жиналған. Бұл – карантин талабын бұзу болып есептеледі. Облыстың бас санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес адам көп жиналатын іс-шараларды өткізуге тыйым салынған.

Тойдың үстінен түскен учаскелік инспекторлар хаттама толтырып, әкімшілік шара қолдану үшін оны СҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жіберді.

«Іс-шараны ұйымдастырушылар жауапкершілікті түсінбейді. Біз халық көп жиналған ойын-тойды тоқтатып, қонақтарды таратамыз. Өйткені қауіпті ауру тойға келгендерге, оларға қызмет көрсетіп жүргендерге жұғуы мүмкін. Енді мейрамхана иелері де, тойды ұйымдастырушылар да айыппұл төлейді», - дейді Петропавл қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Әлібек Ғабдуллин.

Демалыс күндері сондай-ақ түнгі сағат 00.00-ден кейін екі сауна жұмыс істеген. Жалпы СҚО-да қыркүйек айында карантин талабын бұзудың 99 дерегі анықталды.


Соңғы жаңалықтар