Демалыс күндері Павлодардың ТЖ қызметкерлері күре жолдарда қалған адамдарды құтқарды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Демалыс күндері павлодарлық құтқарушылар жолдарда қалып қойған адамдарды қауіпсіз жерге көшірді, деп хабарлады Павлодар облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінен.

Сенбі, 24 қаңтар күні түнгі екі жарымда құтқарушылар «Павлодар-Астана» күре жолында тұрып қалған автобустың жолаушыларына көмекке келді. «Қарағанды-Омбы» бағытымен жол жүріп келе жатқан автобус МАИ бекетінің қасында бұзылып, тұрып қалды. Павлодар ТЖ қызметінің және қала әкімдігінің күшімен 37 жолаушы қауіпсіз жерге көшірілді. Олардың арасында балалар болған жоқ.

25 қаңтар күні Екібастұздағы «Снежинка» туристік базасының ауданында қар құрсауынан екі адам мен бір көлік шығарылды. Сол күні екібастұздық құтқарушылар Шідерті кентінің маңында қарға малтыққан бес адам мен бір көлікті құтқарды.

26 қаңтарға қараған түні көмекке ТЖ қызмектерлері шықты. «Павлодар-Екібастұз» тас жолында (Қалқаман кентінен 15 шақырым жерде) көлік сынған, төрт адам мен бір техника қауіпсіз жерге көшірілді.

Соңғы жаңалықтар