+7 (701) 759 90 19
USD 425.95 EUR 495.12
RUB 6 CNY 66.6
Jańalyqtar

Демалыс күндері Павлодар облысында екі ірі жол апаты болды

2019 жылғы 14 қазан 11:28
Бөлісіңіз:
Демалыс күндері Павлодар облысында екі ірі жол апаты болды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Екі жол апатының бірінде көз жұмған адам Ақмола облысының тұрғыны болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Батыс Қазақстанда жүк көлігі қағып кеткен жаяу жүргінші көз жұмды Ақтауда екі көлік соқтығысып, жүргізуші көз жұмды Рульде полицей болған: Қарағандыда жол апатынан сәби көз жұмды

«12 қазан күні 22:00-де Екібастұз-Төрткұдық автожолында, Шідерті ауылынан 2 шақырым жерде «Audi 80» автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, металдан жасалған қоршауға соғылған. Жол апаты салдарынан Ақмола облысының 53 жастағы тұрғыны оқиға орнында көз жұмды», - деп мәлім етті Павлодар облысы полиция департаменті баспасөз қызметіндегілер.

Жүргізуші мен екі жолаушы ауруханаға жатқызылды. Сондай-ақ ведомство адам өліміне әкелген тағы бір жол апатының болғанын мәлім етті.

«13 қазан күні 07:20-да Павлодар-Қызылорда автожолының 79-шы шақырымында «Lada 21911» көлігінің 26 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, аударылған. Жол апатынан жүргізуші оқиға орнында қаза тапты», - деді полициядан.

Екі дерек бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды, көліктер айыппұл тұрағына жеткізілген. ҚР ҚК 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Автор: Антон Гагарин

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Біржанқызы Сабина

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT