+7 (701) 759 90 19
USD 423.95 EUR 495.81
RUB 5.84 CNY 65.6
Jańalyqtar

Демалыс күндері Павлодар облысында 3 адам суға кетті

2021 жылғы 25 шілде 20:52
Бөлісіңіз:
Демалыс күндері Павлодар облысында 3 адам суға кетті

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында 24-25 шілде аралығында 3 адам суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар

Өңірдің төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметке сенсек, бірінші оқиға 24 шілдеде болған.

Павлодар ауданы Сычевка ауылында түнгі 23.00 шамасында Ертіс өзенінде 2004 жылы туған жас жігіт қайықпен аударылып кеткен. Іздеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.

25 шілде сағат 13.00 кезінде Екібастұз қаласында, қаладан 20 шақырым жердегі Қ.Сәтпаев атындағы каналда куәгер судан 2015 жылы туған баланың денесін алып шықты.

Ол шомылуға тыйым салынған жерде суға түсіп, батып кеткен.

Сол күні сағат 15.20 шамасында Павлодар ауданында, Павлодар қаласынан 3 шақырым қашықтықта «Жылы ағыс» деген жерде 1999 жылы туған ер адам суға батып кетті.

Жедел-құтқару жасағының күшімен іздестіру жұмысы жүргізіліп жатыр.

Департамент ұйымдастырған тұрақты профилактикалық іс-шараларға қарамастан азаматтар құтқарушылардың ескертуін елемейді.

Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаменті тыйым салынған жерде шомылмауды және кәмелетке толмаған балаларды бақылауды сұрайды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жанат Қапалбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT