Демалыс күндері Қостанайда 4 адам суға кетті

None
None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат — Өткен демалыс күндері Қостанай облысында төрт адам суға кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай облысындағы Қаратамар су қоймасында екі адам суға кетті.

«12 шілде күні Бейімбет Майлин ауданының Викторовка ауылынан 3 шақырым жерде тұрғындар суға батып кеткен 1972 жылы туған азаматтың мәйітін алып шықты. Ол жабдықталмаған жерде суға шомылған. Куәгерлердің айтуынша, ол мас күйінде болған», - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметіндегілер.

13 шілдеде Рудный қаласынан 20 шақырым жердегі Қаратомар су қоймасының («Нептун» турбазасы) аумағынан 1992 жылы туған ер адамның мәйіті табылды. Сол күні Рудныйда тағы бір адам көз жұмды. №18 бау-бақша қоғамының аумағындағы Тобыл өзенінде жергілікті тұрғындар мен туыстары 1951 жылы туған азаматтың мәйітін судан алып шыққан. Оның денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Сонымен қатар, Арқалық қаласының маңындағы карьерде құтқарушылар 1994 жылы туған азаматтың мәйітін тапты.

Соңғы жаңалықтар