Демалыс күндері Көлсай көлдерінде демалуға тыйым салынды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Алдағы демалыс күндері Алматы облысындағы Көлсай көлдері аумағына баруға тыйым салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тиісті қаулыға Кеген ауданының бас мемлекеттік санитар дәрігері қол қойды.

«Алматы облысы Кеген ауданы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің бүгін шыққан қаулысы негізінде коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында 18-19 шілде күндері «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағы барлық келушілер үшін жабық болады. Барлық тұрғындар мен қонақтардан санитарлық шараларды сақтауды және саяхаттардан бас тартуды сұраймыз», -делінген облыс әкімдігінде.

Еске сала кетейік, Алматы облысының барлық аумағында өткен демалыс күндері қатаң карантин жарияланған болатын.


Соңғы жаңалықтар