Демалыс күндері қоғамдық көлікті шектеу тиімді болды ма – министрлік жауабы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова демалыс күні қоғамдық көлік жұмысын шектеудің тиімділігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Барлық нәрсенің өзімізге тікелей байланысты екенімен келісетін шығарсыздар. Қоғамдық көлікке толымдылығы бойынша қойылатын талаптар бар, ондағы жолаушылар маска тағып отыруы керек. Бірақ бұл талаптарды бәріміз бірдей орындай бермейміз», - деді Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Спикердің айтуынша, қазіргі уақытта аурушаңдық өсіп, өлім-жітім көбейіп жатыр, өңірлерде денсаулық сақтау жүйесіне шамадан тыс көп жүктеме артылды.

«Бұл шектеу шаралары Денсаулық сақтау жүйесіне жүктемені жеңілдетуге арналған. Шектеу шараларының тиімділігі өткен шектеу кезеңімен салыстырғанда дәлелденді», - деді А. Есмағамбетова.


Соңғы жаңалықтар