Демалыс күндері Қазақстанның солтүстік облыстарында нөсер жаңбыр жауады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 25-27 тамызда Қазақстанның солтүстік өңірлеріне аса биіктегі циклонға байланысты жөңкілген бұлттар легі келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Осы циклонға байланысты алдағы үш тәулікте солтүстік, орталық және шығыс облыстарда жаңбыр жауады, күн күркірейді, дауыл соғады. Кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал.

Солтүстік облыстардың кей жерлерінде нөсер жаңбыру жаууы мүмкін. Республиканың басқа өңірлерінде ауа райы жауын-шашынсыз, ауа температурасы көп жылғы орташа нормаға сай келеді, кей жерлерде қалыпты көрсеткіштен 2-4 градус төмен болуы мүмкін.

25 тамыз күні Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде нөсер жаңбыр күтіледі. Өңірдің бірқатар аймақтарында найзағай ойнап, тұман түседі, дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік-батыстан жылдамдығы секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Күндіз желдің екпіні 25 м/с айналасында болады.

25 тамызда Петропавлда жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Сондай-ақ, дауыл көтеріліп, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан екпіні 15 м/с-ке жететін жел соғады. Дауыл тұру ықтималдығы - 90-95%.

Соңғы жаңалықтар