Демалыс күндері Қазақстанның оңтүстігінде ауа температурасы +22 градусқа дейін жылынады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 29-31 қазанда Қазақстанның оңтүстігінде ауа температурасы +22 градусқа дейін жылынады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

«Қазан айында Қазақстандағы ауа райына әсер еткен солтүстіктен келген суық ауа ағынын біртіндеп оңтүстік-батыстан келген жылы ағын ығыстыруда. Сондықтан алдағы үш тәулікте  республикада ауа температурасы көтеріледі деп болжанған.  Атмосфералық фронттардың өтуімен Қазақстанның солтүстік аймақтарында жауын-шашын болады, ал оңтүстікте кей жерлерде жаңбыр жауады деп күтілуде.

Ауа температурасы орташа көпжылдық деңгейге жуық және одан жоғары болады.  Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста күндізгі температура 17-22º жылынады деп күтілуде»,- делінген хабарламада. 

Соңғы жаңалықтар