+7 (701) 759 90 19
USD 410.70 EUR 465.28
RUB 5.80 CNY 58.81
Jańalyqtar

Демалыс күндері Қазақстанда қар жауып, боран соғады

2020 жылғы 21 ақпан 15:41
Бөлісіңіз:
Демалыс күндері Қазақстанда қар жауып, боран соғады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктер алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Орталық Азиядан ауысып келе жатқан белсенді циклон сенбі күні Қазақстанның орталық аудандарына, ал күндіз республиканың шығысына қарай жылжиды.

Демалыс күндері республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр, дымқыл қар жауып, тұман түседі. Көктайғақ болып, күшті екпінді жел тұрады.

Қазақстанның орталығы мен шығысында оңтүстік циклонның әсерінен қар жауады. Жексенбі күні кей жерлерде күшті боран соғады, күртік қар мен күшті жел тұрады.

Циклонның артынан Еділ өзені бойындағы аймақтардан антициклон бізге қарай ығысады, ол жауын-шашын мен аздаған суытуды тоқтатады.

Ауа температурасы төмендесе де, ол әлі де орташа көпжылдық мәннен 3...6°С жоғары болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT