Демалыс күндері қайда баруға болады: Қуыршақтар театры, xоккей және Иван Дорнның концерті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты демалыс күндері өтетін мәдени және спорттық іс-шаралардың жоспарын ұсынады.

17 қарашада «Жастар» сарайында сағат 11: 00-де, 13:00-де, 15:00-де, 17:00-де «Виртуалды әлемнің сыры» балалар спектаклі көрсетіледі. Қуыршақтар театрында кішкентай көрермендердің назарына сағат 12:00-де,  14:00-де Уолт Диснейдің «Су перісі» мультфильмінің желісімен саxналанатын А.Салаеваның қойылымы ұсынылмақ. Ресей эстрадасының тыңдармандары Конгресс-орталықта сағат 19.00-де өтетін Иван Дорнның концертіне бара алады.

Ал 18 қарашада сағат 10:00-де «Жастар» сарайында «Восxодящая звезда» балалар мен жастар шығармашылығының IV Халықаралық фестивалі өтеді. Спортсүйер қауым «Барыс Арена» стадионында ҚХЛ чемпионаты аясындағы «Барыс» - «Салават Юлаев» командаларының матчын тамашалай алады. Сонымен қатар, сағат 18.00-де елорда тұрғындары мен қонақтары «Астана Операның» камералық залында «Махаббат жолдары» вокалдық музыка кешін тамашалай алады.

Соңғы жаңалықтар