Демалыс күндері елордада көлікті мас күйінде жүргізген 6 адам ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда полицейлері көлігімен шам бағанысан соғылған мас жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жүргізушілер арасында тәртіпті ұстану дейгейін арттыру мен жол-көлік оқиғалар санын төмендету мақсатында елорда аумағында күн сайын «Мас жүргізуші – қылмыскер» атты алдын алу шаралары жүргізіледі. Демалыс күндері полицейлер алкогольге майсайған 6 жүргізушіні ұстады», - делінген Полиция департаменті мәліметінде.

10 қазан күні кешқұрым «SHACMAN» көлігінің 35 жастағы жүргізушісі айналма жолмен келе жатып, жолды жарықтандыруға арналған шам бағанасына соғылған.

«Анықталғандай, жүргізуші мас болған. Оған қатысты тиісті әкімшілік іс қозғалды. Әкімшілік сот шешіміне сәйкес, жүргізуші 20 тәулікке қамауға алынып, сегіз жылға көлік басқару құқығынан айырылды», - деп аталып өткен хабарламада.

Айта кетейік, демалыс күндері ұсталған барлық жүргізушілерге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, олардың көліктері айып тұрағына қойылды.


Соңғы жаңалықтар