+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

Демалыс күндері елордада 60 адам жарақат алған

2019 жылғы 11 қараша 16:03
Бөлісіңіз:
Демалыс күндері елордада 60 адам жарақат алған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сенбі және жексенбі күнгі демалыстарда Нұр-Сұлтан қаласында травматологиялық пункттерге 60 адам жүгінді. Оның ішінде 29 бала көктайғақ салдарынан жарақат алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Көктайғақ: Нұр-Сұлтанда он шақты күн ішінде 888 адам зардап шеккен Қызылордада полицейлер жолда қалған жолаушыларға көмек көрсетті Елордада бүгін көктайғақ болады

Елорда әкімдігінің мәліметіне сәйкес, қалада 4 травмпункт пен емханалардағы 20 травматологиялық кабинет көмек көрсетеді. Атап айтқанда, № 1 қалалық аурухананың трамвпункті Есіл ауданының тұрғындарына қызмет көрсетеді. Орталық жол ауруханасының жарақат пункті – Сарыарқа ауданының тұрғындарына арналған. Ал Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты Алматы және Байқоңыр аудандарына қызмет көрсетеді. Бұл ретте, балалар үшін № 2 қалалық балалар ауруханасының жарақат пункті жұмыс істейді. Емханалардың жұмыс уақыты 08-ден 20:00-ге дейін. Бұл мекемелердің көмегіне пациенттер тұрғылықты жері бойынша жүгіне алады (анықтамалық ақпарат «109» телефон нөмірі арқылы).

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Медицина,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT