Демалыс күндері елордада 30 мас жүргізуші ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада 13-15 қараша аралығында Жол жүрісі ережесін бұзудың 560-тан астам фактісі анықталды. Оның ішінде 30 жүргізуші көлігін мас күйде айдаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәселен, Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, 14 қазан күні сағат шамамен 03:00-де және 05:30-да «LEXUS» пен «Subaru Impreza» көліктері тоқтатылған. Аталған көліктердің 44 және 26 жастағы жүргізушілерінің құжаттарын тексеру барысында олардан алкогольдің өткір иісі шыққан. Медициналық куәландыру барысында екеуі де жеңіл күйде алкогольге мас болғаны анықталған.

«Мас күйде көлік құралын басқарған жүргізушілердің үстінен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабы 1-тармағы бойынша өндірістік іс қозғалып, автомобильдер коммуналдық тұраққа қойылды. Әкімшілік соттың шешімімен мас күйде рульге отырған жүргіушілер 15-тен 20 тәулікке дейін тұтқынға алынып, 7 жылға көлік құралын жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін», - деп атап өтеді департаменттен.

Осы орайда полиция қызметкерлері қала тұрғындарынан мас күйде көлік басқарған жүргізушілерге куә болған жағдайда 102 немесе 71-65-25 телефон нөмірлеріне хабарласуды өтініп отыр.


Соңғы жаңалықтар