Демалыс күндері бірнеше облыста дауыл тұруы мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Демалыс күндері бірнеше облыста дауыл туралы ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Болжамға сәйкес, 26-27 мамырда Ақмола облысында оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады. Түнде кей жерде 15-20 м/с, күндіз өңірдің басым бөлігінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соқса, кей жерде жел екпіні 23-28 м/с-ға дейін баруы ықтимал. Кейбір жерде найзағай ойнап, дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін екені ескертіліп отыр.

«27 мамырда күндіз Ақмола облысының кей жерінде қатты жаңбыр жауады. Ал Астана қаласында 26 мамырда күндіз, 27 мамырда тәулік бойы оқтын-оқтында найзағай ойнайды. Бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысып, жел екпіні 15-20 м/с деңгейде болса, 26-27 мамырда жел екпіні 25 м/с-қа дейін болуы мүмкін», - делінген хабарламада.

Синоптиктердің болжауынша, 26 мамырда Қостанай облысының кей жерінде тұман, найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысып, аймақтың басым бөлігінде 15-20 м/с, күндіз кей жерде 23-28 м/с жел күтіледі. Ал 26 мамырда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20, кей жерде 23-28 м/с дейін үдеуі күтіледі. Жаңбыр жауып, кей жерде найзағай ойнап, дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.

«Петропавлда 26 мамырда солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, кей жерде екпіні 23-28 м/с болатын жел күтіледі. Жаңбыр жауып, найзағай, дауыл, бұршақ болуы ықтимал», - деп болжайды синоптиктер.

Ал Ақтөбе облысында ертең оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысып, кей жерде 17-22 м/с жел соғуы мүмкін. Ақтөбеде 26 мамырда күндіз найзағай күтіледі.  Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады. Дабылды ескертудің ықтималдылығы - 90-95%.

«26 мамырда Қызылорда облысында шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады. Күннің екінші жартысында кей жерде 15-20 м/с, кей жерде екпіні 23 м/с жел соғып, найзағай, шаңды дауыл, бұршақ болуы мүмкін. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %», - делінген хабарламада. 

Соңғы жаңалықтар