Демалыс күндері аяз болады - Қазгидромет

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазгидромет 5-7 желтоқсанға арналған ауа райы туралы болжамды жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Орталығы Самара үстінде орналасқан антициклон сілемі жақын күндері Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райына әсер етеді. Салдарынан аязды ауа температурасы сақталады. Тек еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен, кей жерлерде қар жауады, боран соғып, жел күшейеді», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар