Демалыс күндері Ақтөбе облысының жолдарында 60 адам құтқарылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Өткен демалыс күндері -7 және 8 ақпанда Ақтөбе облысында ТЖД-нің күшімен қар құрсауында қалып қойған адамдар мен техниканы қауіпсіз жерге көшіру бойынша жұмыстар белсенді жүргізілді.

6 ақпанда құтқару қызметі ұялы байланыс операторлары арқылы Ақтөбе облысының аумағында желдің күшеюі және қала сыртындағы күре жолдарға шығу қаупі туралы смс-хабарламалар таратқан. Бірақ облыс аудандарының кейбір тұрғындары мұның маңыздылығын ескере қоймады.

Демалыс күндері облыстың Әйтеке би және Хромтау аудандарының жолдарында адамдарды қар құрсауынан шығару бойынша 5 апаттық-құтқару іс-қимылдары өткізілген. Сондай-ақ Хромтау ауданында жеңіл көлік мініп жоғалып кеткен екі адамды іздеу бойынша құтқару жұмыстары ұйымдастырылды.

Негізінен түнгі уақытта жүргізілген құтқару жұмыстарына ТЖД-нің күштері мен құралдары тартылды. Оған 7 техникада жұмыс істеген 24 қызметкер мен аудан әкімдіктерінің 4 техникасы мен 4 қызметкері жұмылдырылған.

Нәтижесінде 60 адам, соның ішінде 4 бала құтқарылды, 13 техника қауіпсіз жерге сүйреп апарылды. Құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдардың күшінің арқасында адамдар зардап шеккен жоқ.

Соңғы жаңалықтар