Демалыс күндері 39 градусқа дейін ыстық болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазгидромет 18-20 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Республиканың барлық аумағында ауа райының құбылмалы сипаты сақталады. Қысқа мерзімді жаңбыр жауады.

20 маусым күні болса оңтүстіктің таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауып, күн күркірейді, бұршақ жауады, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл болады деп болжануда.

Қазақстанның батысында түнде 12-23 жылы, күндіз 23-36 градус ыстық, ал елдің солтүстітінде 33 градусқа дейін ыстық болады.

Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде ауа температурасы күндіз 34-39 градусқа дейін көтеріледі.


Соңғы жаңалықтар