Демалыс күндері 2 бала терезеден құлап кетті- ТЖК

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Жезқазған қаласында бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатынан қараусыз қалған бала құлап, ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша, дәл осындай оқиға жексенбіде Қызылорда қаласында да болған.

«Қызылордада бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтердің терезесінен қараусыз қалған бала құлады. 2014 жылы туған сәби ауруханада жатыр, жағдайы ауыр. Көп жағдайда балалардың терезеден құлауына ересектердің немқұрайлылығы себеп болады. Мұндай оқиғаның көбі күндіз тіркеледі», - делінген комитеттің баспасөз хабарламасында.

ҚР Төтенше жағдайлар комитеті төмендегі сақтық шараларын сақтауға кеңес береді:

- Кішкене балаларды жалғыз қалдырмаңыз;

- Москит торына есенудің қажеті жоқ. Олар баланы құлаудан қорғауға арналмаған;

- Бөлмені желдеткен кезде баланы қараусыз қалдырмаңыз;

- Балаға үлкендердің бақылауынсыз балконға шығуға рұқсат бермеңіз;

- Ұйықтап жатса да баланы пәтерде жалғыз қалдырмаңыз;

- Барлық жиһазды, кереуеттерді, терезеден алыс қойыңыз.

Соңғы жаңалықтар