+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Демалыс күндергі жұмыс: 200-ден астам атыраулық мемқызметшіден шағым түскен

2021 жылғы 18 қазан 06:15
Бөлісіңіз:
Демалыс күндергі жұмыс: 200-ден астам атыраулық мемқызметшіден шағым түскен

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында жыл басынан бері 200-ден астам мемлекеттік қызметші мемлекеттік еңбек инспекциясына шағымданған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Ерлан Ермаханбетовтің мәліметінше, «Е-қызмет» жүйесімен мемлекеттік органдардың қолжетімділігін бақылауды интеграциялау жоспары бекітілген.

«Қазіргі уақытта Атырау облысында мемлекеттік органдардың қолжетімділігін бақылау және басқару жүйесін «Е-қызмет» ақпараттық жүйесіне қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мұндай іс-шара мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғауға, икемді жұмыс кестесін құруға, оның ішінде жұмыс күні аяқталғаннан кейін мемлекеттік қызметшілердің жұмыс орнындағы кідірісін, қызметшілердің демалыс күндері жұмысқа шығу практикасын тоқтатуға бағытталатын болады», - дейді Ерлан Ермаханбетов.

Оның дерегіне сүйенсек, жыл басынан бері облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына 200-ден аса арыз-шағым келіп түскен. Соған байланысты 167 мекеме тексеріліп, тиісті шаралар қабылданған.

Департаментке түскен арыз негізінде Атырау ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы бас маманды демалыс күні негізсіз жұмысқа шақырғаны анықталды. Нәтижесінде бас маманға демалыс беру туралы бұйрық шығарылып, құқығы қалпына келтірілген. Ал заң бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғаға тәртіптік шара қолданылды.

«Мемлекеттік қызмет туралы және еңбек заңнамасының талаптары негізінде жұмыстан тыс шұғыл істелетін, демалыс және мереке күндері жұмыстарға шақырылатын мемлекеттік қызметшілердің жазбаша келісімдері болуы қажет. Енді осындай келеңсіздікті болдырмау үшін департамент пен облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды», - деп мәлім етті Ерлан Ермаханбетов.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда мемлекеттік қызмет істері департаментіне басшы тағайындалғанын жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT