Демалыс аймақтарының жұмысына шектеу қойылады – ІІМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда демалыс аймақтарының жұмысына шектеу енгізіледі. Бұл туралы ҚР Ішкі істер вице-министрі Алексей Калайчиди айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Өкінішке қарай, тіпті үй жағдайында азаматтар көптеп жиналып, мерекелік, бата оқу жиындарын өткізіп келеді. Әзірге мұндай 48 факті тіркелді. Әсіресе Атырау (14) мен Шымкент (11) қалаларында заңбұзушылықтар көп. Осыған байланысты қауіпті инфекциялық ауруды таратпау мақсатында демалыс аймақтарының жұмысына да шектеу енгізіледі. Сондықтан ел тұрғындарына мұның қауіпсіздік үшін қажетті шара екенін айтқым келеді», - деді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.
Вице-министр коронавирус инфекциясын жеңген мемлекеттерде бірінші орында – азаматтардың өзіндік тәртібі тұрғанын атап өтті.
«Әрқайсысымыз қауіпсіздік шараларын сақтап жүрсек, еліміздің эпидемиологиялық жағдайы да жақсарады. Бұл - өзіміз бен жақындарымыздың өмірі үшін маңызды», - деді А. Калайчиди.
- Қазақстанда коронавирус пневмониясынан 4 адам қайтыс болды
- Коронавирустан елімізде бір тәулікте 700-ге жуық адам жазылды
- Коронавирус бойынша бір тәуліктегі мәліметтер жарияланды
- Арыс қаласында ресми жиын барысында жастар төбелесіп қалған
-
Сарыағаш тұрғыны карантин кезінде 200 адамды жинап, қыз ұзату тойын жасаған
-
Түркістан Дүниежүзілік мұра қалалары ұйымына ресми түрде қабылданды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам