+7 (701) 759 90 19
USD 418.67 EUR 507.64
RUB 5.71 CNY 64.74
Jańalyqtar

«Delta Bank» салымшыларына төлем төлеу уақыты жарты жылға ұзартылды

2020 жылғы 23 қараша 11:33
Бөлісіңіз:
«Delta Bank» салымшыларына төлем төлеу уақыты жарты жылға ұзартылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан депозиттерді кепілдендіру қоры «Delta Bank» АҚ салымшыларына бакн агент арқылы төлем төлеу уақытын 2021 жылдың 23 мамырына дейін созды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жеке кәсіпкерлікті банк қосымшалары арқылы ашуға болады

«ЦентрКредитБанкі» АҚ тиісті келісімшартқа қол қойды.

Көрсетілген мерзім ішінде «Delta Bank» АҚ салымшылары агент банкке жүгініп, кепілдік берілген өтемді төлеу жөніндегі өтінішті тікелей немесе сенім білдірілген тұлға арқылы ұсына алады.

Жеке өзі келген жағдайда салымшының жеке басын куәландыратын құжаты болса жеткілікті, ал сенім артылған тұлға келетін болса, құқық белгілеуші құжаттарды ұсынады (мысалы, нотариус куәландырған сенімхат).

Атап өту керек, «Delta Bank» АҚ салымшыларына кепілдік берілген төлем агент банк арқылы 2018 жылдың 17 мамырынан бері төленіп келеді. Екі жылдан астам уақыттың ішінде жалпы сомасы 102,3 млн теңге төленді.

Бұл қор міндеттемелері жалпы сомасының 51 пайызын құрайды. Барлығы 327 салымшы депозиттері бойынша төлем алды. Бұл - «Delta Bank» АҚ салымшыларының жалпы санының 12 пайызына тең.

Агент банк арқылы белгіленген төлем мерзімі аяқталған соң, «Delta Bank» АҚ салымшылары тікелей қорға, дәлірек оның Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларындағы бөлімшелеріне жүгіне алады.

Еліміздің басқа өңірлерінде тұратын салымшылар өтініштерін және нотариус куәландырған құжаттарын пошта арқылы жіберу мүмкіндігіне ие болып отыр.

Бұл оларға қосымша шығын келтіретіні белгілі. Сондықтан қор салымшыларға кепілдік берілген төлемді алу үшін агент банктің бөлімшелеріне жүгінуді ұсынады.

Еске саламыз, агент банк кепілдік берілген өтемді жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің шоттары, карточкалары және депозиттері бойынша төлейді.

Кепілдік мөлшері:

• ұлттық валютадағы қаражаттар бойынша – 10 млн теңгеден;

• шетел валютасында қаражаттар бойынша (банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күні белгіленген валюта айырбастау бағамы бойынша) – 5 млн теңгеден аспайды.

Салымшылар кепілдік берілген өтем алудың өздеріне ыңғайлы тәсілін: агент банктің кассасынан қолма-қол ақшамен немесе өтініш берушінің банк шотына аудару арқылы алуды таңдауға құқылы. Бұл ретте банк деректемелері салымшының өтінішінде нақты көрсетіледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT